Saturday, 23 November,2024

Атыраудан Алматыға шыққан жолаушылар пойызында жүкті әйел босанып қалды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Атыраудан Алматыға шыққан пойызда сәби дүниеге келді. Жүкті әйелді босандырып алуға жолсеріктер көмектескен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы "Қазақстан Темір жолы" жазды. Дерекке сүйенсек, 25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша жолаушыға босану кезінде көмек көрсеткен.

"Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысты.  Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман есен босануына барлық  жағдайды жасады. Сағат 21:52 минутта кейін сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз  машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды", - делінген ақпаратта.

Осылайша пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда  сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері күтіп алған.

Ұсынылатын