Атырауды шаңды дауыл басты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Атырау облысындағы шаңды дауыл тұрғындардың мазасын кетірді. Әзірге ұйтқыған желдің қашан басылары белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Атырау облыстық «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 13 сәуірде желдің екпіні күшейіп, секундына 17-22 метрге жетеді. Кей жерлерде секундына 25 метрге жетуі мүмкін. Шаңды дауылдың әзірге қашан басылатыны белгісіз. Мұндай жағдай Атырау облысында бұған дейін бірнеше рет болған.