Saturday, 23 November,2024

Атырауды су басып жатқанда әкімнің орынбасары көлік қарап жүрген

Uaqyt.info
Фото

Ғаламторда әкімдік қызметкерінің көлік салонында жүрген сәті қызу талқыланды. Блогер оны қала әкімінің орынбасары екенін айтып, видео түсірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атырау облысы Әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев атышулы видеодаға қатысты пікір белдірді. Оның айтуынша, кадрдағы ер адам ешқандай да әкім орынбасары емес.

“8 сәуірде әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері А.Ибрагимов «ТОЙОТА»центр автосалонында жұмыс уақытында көлік қарап жүргеніне қатысты бейнежазбасы таралды. Алайда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі «ТОЙОТА» автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген. Аталған видеодағы қызметкер ақпарттағы айтылғандай әкім орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымын атқарады. Аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру  әрекеттерін құп көрмейтінімізді жеткіземіз”, - деді Руслан Жұмағазиев.

Ұсынылатын