Friday, 20 September,2024

Атыраудың орталық алаңынан ер адамның мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңынан 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның неден қаза тапқаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулеттің айтуынша, ер адам денсаулығына байланысты көз жұмуы мүмкін.

«Бүгін Атырау қаласының орталығында 1963 жылы туған ер адам қайтыс болғаны анықталды. Марқұмның денесінде жарақаттары жоқ. Алдын ала болжам бойынша денсаулығына байланысты қаза тапқан. Ер адам сол жерде жақын орналасқан құрылыс алаңының қызметкері екендігі анықталды», - дед Мейірім Ердәулет.

Ұсынылатын