Saturday, 23 November,2024

Атырауға жұмыс сапарымен барған журналистті әкімдік қуып шыққан

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Су тасқынына байланысты Атырауға жұмыс сапарымен барған журналист штабқа кіре алмай қайтқан. Оның айтуынша, әкім орынбасары бастаған шенеуніктер оның ақапарат таратуына кедергі келтіріп, штабтан қуып шыққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Өркен Жоямерген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Атырауда жүрмін. Жұмыспен. Журналист ретінде. Су тасқынына арналған Штабқа барып едім. Зам әкім бастаған бірнеше адам Штабтан қуып шықты. Журналист екенімді айттым. Баспасөз хатшысына хабарласып, Штабқа баратынымды ескерттім.

Енді не керек? Кеше ғана президент «ресми ақпаратқа сеніңдер!» деді ғой. Сол ресми ақпарат алу үшін бардым ғой Штабтарына.

Берік Уәли мырза, төрелігін айтыңыз.«Өміріме қауіп төнер болса, Астанама, қасыңызға қайтайын. Денсаулық керек. Бала-шаға бар. Ресми ақпарат берді. Қорқып әрең алдым...”, - деп жазды журналист.

Ұсынылатын