Monday, 16 September,2024

“Атысты тоқтатыңдар”.  Рим папасы Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Рим Папасы Франциск Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

“Атысты тоқтатыңдар, соғыс әрқашан жеңіліс әкеледі”, — деді понтифик жексенбі, 29 қазанда Ватикандағы Әулие Петр алаңында дәстүрлі жексенбілік уағызы кезінде.

Франциск гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ ол Еуропалық Одақ, АҚШ және Израильде лаңкестік ұйым деп танылған ХАМАС радикалды ислам қозғалысының содырларынан кепілге алынғандарды тез арада босатуды талап етті.

Ұсынылатын