Атышулы “Айка тізімі”: Полицейлер 7 жылға сотталуы мүмкін
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде тарап кеткен атышулы “Айка тізіміне” қатысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов жауап берді. Оның айтуынша тізімді ғаламторға салғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілп жатыр. Ол егер осыған байланысы бар полицейлер анықталса, олар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін ақпарат береміз», - деді Ержан Саденов