Атышулы экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалмақ
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы әкімдігіндегі лауазымды қызметке тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Орда жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дерекке сүйенсек, Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты басқармасы басшысы лауазымына тағайындалмақ.
Айта кетейік, елдің ең жас мәжілісмені болған Мәдидің қоғамда қызу талқыға түскен әрекеттері көп. Солардың қатарында Алматыдағы Назарбаев көшесіне тұңғыш президент ескерткішін орнату ұсынысы да бар. Бұл мәлімдеме көптің қатты сынына қалған еді.