- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
- Ауа-райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа-райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа-райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
17 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта 24-29 м/с. Алматы қ: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қонаевта17 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
17 сәуірде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазғанда17 сәуірде түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі.
17 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Қызылордада17 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.
17 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Қарағандыда17 сәуірде кей уақытта көктайғақ күтіледі.
17 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
17 сәуірде Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Семейде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
17 сәуірде таңертен және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодарда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.
17 сәуірде түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
17 сәуірде түнде Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
17 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавлда солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
17 сәуірде Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 17 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада17 сәуірде түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.