Ауа райына байланысты еліміздің төрт облысында жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында жол жабылып, көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Теміртау" автожолында автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді. Ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, автожолдарымен жүру бағытын алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз”, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.
Ақмола облысында - 1 учаске
1. "Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП- Қарағанды обл.шек дейін - 61 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады
Жетісу облысында - 1 учаске
1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. дейін – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
Қарағанды облысында – 6 учаске
1. "Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Новостройка а. - Балқаш қ. дейін - 349 км.
2. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл.шек-Ботақара к. дейін - 93 км.
3. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. аралығында - 200 км.
4. "Қызылорда-Павлодар" 970-1135 км, Қарағанды қ. - Павлодар обл.шек. дейін - 165 км.
5. "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау обл.шек.-Топар к. дейін – 118 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
6. "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км, Ақмола обл.шек-Теміртау ААП - 73 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Павлодар облысында - 2 учаске
1. "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды обл.шек.-Шідерті кенті - 71 км.
2. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 км, Баянауыл а.-Қарағанды обл.шек - 94 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.