Saturday, 18 May,2024

Әуе шабуылы ма? Киевте ұшқан белгісіз дронды қорғаныс күші жарып үлгерді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Украина астанасында тағы да әуе дабылы. Киев аспанында белгісіз дрон ұшты. Абырой болғанда әуе қорғанысы оны жарып үлгерген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Киев көгінде ұшқан белгісіз дрон бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода ұшқыш аппараттың аспанда қалықтап бара жатқанын байқайсыз. Көп ұзамай әуе қорғанысы оны залалсыздандырылған. Дрон жарылып, жанып жерге құлайды.

Кейіннен Украина билігі бұл дронның қандай да бір шабуыл емесін түсіндірді. Әуе қорғаныс күштері аспандағы қалықтаған аппаратты Bayraktar TB2 дроны және басқарусыз қалып кеткенін айтты. Осылайша тұрғындарға қандай да бір қауіп төндірмес үшін оны залалсыздандыруға тура келген.

Бұл жағдайдың соңы өртке ұласқан. Жарылған дрон жақын маңдағы сауда үйіне құлапты. 4 қабатты ғимараттың бірінші қабаты жанып кеткен.

Абырой болғанда зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Ұсынылатын