Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыс болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ауғанстан мен Пәкістанның шекарашылары арасында болған атыстан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Aтыс Торхам бақылау-өткізу бекетінің маңында болған атыстан «Талибан» қозғалысының төрт адамы қаза тауып, 10 өкілі жарақат алды. Екі жақты қақтығысқа ауғандардың көрші мемлекеттің аумағында бекіністер салу әрекеті себеп болған. Қарулы қақтығыстың салдарынан бақылау бекеті арқылы өтетін көлік қозғалысы тоқтатылды. Әзірге екі тараптың мәмілеге қашан келетіні белгісіз.