Ауғанстанда су тасқынынан 150-ден астам адам мерт болды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ауғанстанда толассыз жауған жаңбырдан кейін су тасқыны болып, соның салдарынан 150-ден астам адам мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, тағы 100-ден астам адам түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ табиғи апат көптеген ғимарат пен үйлерді қиратып кеткен.
Ел билігі тасқыннан көз жұмғандардың саны артуы мүмкін екенін айтады. Өйткені із-түссіз кеткендерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда апаттан зардап шеккен аймақтарға құтқару топтары жіберілген.