Ауғанстанда табиғи апат салдарынан 40 адам мерт болды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ауғанстанның шығысында жауған нөсер жауын салдарынан 40 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Uaqyt.info KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Шарафат Заман Амар дүйсенбі күнгі дауыл салдарынан 40 адамның қаза тапқанын және жарақат алған 347 адамның Желалабадтан Нангархардағы аймақтық ауруханаға және жақын орналасқан аудандарға жеткізілгенін растады.
Провинция өкілі Седикулла Курейшидің айтуынша, қаза болғандар арасында бір отбасының бес мүшесі бар. Олар үйдің төбесі құлап, көз жұмды.
Нангархар провинциясында 400-ге жуық үй қирады. Көптеген ауданда электр жарығы өшірілді. Желалабад қаласында байланыс шектелді. Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.