Ауғаныстанда жойқын жер сілкінісі болды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Ауғаныстанның батысында жойқын жер сілкінісі тіркелді. Құрбандар саны өте көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Euronews дерегіне сүйенсек, зілзала құрбандарының саны өсуі мүмкін, көп адам қирандылар астында жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында кемінде 120 адам мерт болған, мыңнан астам адам жарақат алған.
Зілзаладан әсіресе Зенда Джан ауданындағы 4 ауыл қатты зардап шекті, онда ондаған үйге зақым келген.
АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, сенбі күні осы ауданда 6.3 магнитудалы дүмпу болған. Зілзаланың ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км қашықтықта жатыр.