Friday, 18 October,2024

Аурухана ма, қора ма? Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасының видеосы жұртты шошытты

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының жұтаң жағдайы көпті тіксінтті. Әбден тозығы жеткен аурухананың видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ондағы кадрлардан қырық жамау болған қабырғаларды көруге болады. Видео авторының айтуынша, ауруханада қызылшамен ауырған балалар ем қабылдап жатыр. Науқастарға арналған бір дәретхана мен 80 адамға бір ғана раковина бар екені көпшіліктің жағасын ұстатты. Қарасай ауданының тұрғындары әбден тозығы жеткен мекеме туралы көптеген сыни пікірлер жазып жатыр.

Ал аурухана әкімшілігі мұның барлығы уақытша ғана құбылыс дейді. Айтуларынша, жұқпалы аурулар ауруханасын күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

"Ескі корпус биыл жөндеу жүргізу үшін босатылды. Жұқпалы науқастар санының өсуіне байланысты осы үй-жайларды уақытша пайдалануға мәжбүр болдық. Жағдай тұрақталғаннан кейін пациенттер басқа бөлімшелерге жатады", – деп хабарлады аурухана әкімшілігі.

Ұсынылатын