Sunday, 24 November,2024

Аурухана ма, қора ма? Шымкенттегі жұқпалы аурулар аурханасының жай-күйі жаға ұстатты

Uaqyt.info
Фото

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасынан шу шықты. Науқастар ешқандай жағдай жасалмаған бөлмелерде ем қабылдап жатқандарын айтып, наздарын білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қараған адамның жүйкесін тоздыратын видеоны науқастардың бірі телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бейнежазбадан әбден тозығы жеткен палатаның жай-күйін көруге болады. Пациенттердің бірі осындай жағдайда ем қабылдау мүмкін еместігін айтып, шағымын жеткізді.

“Шкафтарының есігі, терезелерінің перделері жоқ. Маталарды іліп қойған. Жастықтарына балаларды тербету мүмкін емес. Ішінің барлығы түйір-түйір. Едендері тесік, столдары ашылып кеткен, - дейді видео авторы.

Әзірге бұған қатысты Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы үн қатқан жоқ.

Ұсынылатын