Ауруханада шыққан өрттен 21 адам қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бейжіңде аурухана өртке оранып, 21 адам көз жұмды. Тілсіз жаудың неден болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қытайдың Орталық телеарнасының хабарлауынша, өрт 18 сәуірде болған. Соның салдарынан 21 адам қаза тапты. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Оқиға орнында тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.