Sunday, 24 November,2024

Ауыл мектептері алты айдың ішінде интернетке қосылып үлгере ме?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасында алты айдың ішінде ауыл мектептері интернетпен толық қамтылуы керектігін ескертті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін.

Жалпы, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Ең алдымен, 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет. Бұл ретте олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуы керек», - деді Президент.

Ұсынылатын