- Басты жаңалықтар
- Саясат
- "Ауыл" партиясы Жигули Дайрабаев депутаттық мандатын тапсырмайтынын мәлімдеді
"Ауыл" партиясы Жигули Дайрабаев депутаттық мандатын тапсырмайтынын мәлімдеді
Ұлдарына байланысты басы дауға іліккен Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайды. "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі осылай жауап қатты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Парламент қабырғасында журналистер "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Анас Баққожаевтан партия мүшесі Жигули Дайрабаевтың істі болған ұлдарына қатысты сұрақ қойды. Онда ұлдарына қатысты іске байланысты депутаттық мандатын тапсыра ма деген сауал болған. Бірақ партия жетекшісі былай деп жауап берді.
"Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Осы орайда фракцияның мәлімдемесін айтып отырмын. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз. Біріншіден, оның жеке басына қатысты аталған істе ештеңе айтылмаған. Екіншіден, оның балалары ересек азаматтар. Олар өз ісіне өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек", - деді Анас Баққожаев.
Еске салайық, Uaqyt.info бұған дейін мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың 2 ұлы судсидия қаржысына байланысты сотты болғанын жазды.