Sunday, 24 November,2024

Ауылда тіршілік қалмай бара ма? Түркістан облысында 13 елді мекен таратылмақ

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Түркістан облысындағы бірнеше ауданға қарасты 13 елді мекен таратылады. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ондағы дерекке сүйенсек, таратылатын елді мекендердің басым бөлігі разъездер мен шағын ауылдар. Құжат Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен облыстың мәслихаттың шешіміне сәйкес жоспарланған. Яғни Арыс қаласы мен Түлкібас, Сауран, Қазығұрт және Сарыағаш аудандарындағы бірқатар елді мекендерді тарату жоспарланып отыр.

Таратылатын елді мекендер қатарында:

  • Арыс қаласы Ақдала ауылдық округінің Ақын-Жақып, Тоғайлы және Тақыркөл елді мекендері;
  • Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округінің РЗД-117 елді мекені және Келтемашат ауылдық округінің Ақсай елді мекені;
  • Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінің Қаратөбе елді мекені және Шорнақ ауылдық округінің 32-разъезд елді мекені;
  • Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округінің Қырыққыз елді мекені;
  • Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінің Сөк-Сөк елді мекені, Дарбаза ауылдық округінің 50-разъезд, Бесқұдық елді мекендері және Жылға ауылдық округінің 49-разъезд, Нұрауыл елді мекендері бар.

Ұсынылатын