Sunday, 12 May,2024

Ауылдағы ағайын ауыз суға жарымай отырғанда Алматыдағы байлар 6 миллион долларға үйін сатып жатыр

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматыдағы 6 миллион долларға сатылымға шығарылған үйдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазбадан үйдің сыртқы көрінісі мен ішіне бір шолу жасап шыққанын байқайсыз. Кіре берістен бастап сары түспен көмкерілген жиһаз. Тіпті баспалдағының айналасы да сол түске боялған. Холл, ас үй және ойын бөлмесі. Осының бәрі 6 миллион долларға сатылуда.

Дей тұрғанымен желідегі жұрт бұл бейнежазбаны қызу талқыға алған. Бірі ішкі дизайны адамды тұншықтырып жібереді дегенді жазса, енді өзгелері баяғы биліктен қалған баспана болуы мүмкін деген болжам жасаған.

"Болат Назарбаевтың бұрынғы үйі емес па". "Қанша ақша салса да дәл сол бағаға тұрмайды". "Үй емес музей сияқты". "Ондай ақшаға бұл үйді сатып алғанша, шетелге барып тұрар едім ғой", - деген сыни жазбаларын қалдырыпты желі қолданушылары.

@abramowv

 

♬ original sound - Sergey Abramov

Ұсынылатын