- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- "Ауылдан қараларыңды батырыңдаршы...": Алматы облысында 6 сынып оқушысын өгей әкесі зорлады
"Ауылдан қараларыңды батырыңдаршы...": Алматы облысында 6 сынып оқушысын өгей әкесі зорлады
Алматы облысында жантүршігерлік жағдай. Іле ауданы, Ақши ауылында өгей әкесі әйелімен еріп келген қызын зорлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Facebook-те Ардақ Айбарұлы жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, әйелдің 6-сыныпта оқитын қызын өгей әкесі зорлаған.
"Пәленшеевтер, ұяттарың болса әулеттеріңмен, түп-тұқияныңмен қоса көшіңдер ауылдан. Үндемей қалады екен деп ойламаңдар. Тып-тыныш, ың-шыңсыз ғана қараларыңды батырыңдаршы. Көргіміз келмейді сендерді. Бүкіл ауылдың атына кір келтірдіңдер. Үш күн мұрсат береміз", - деп жазады әлеуметтік парақшасында.
Кейіннен ауыл ақсақалдары мен жақындардың өтінішімен постты алғанын да жазады.
"Ауыл ақсақалдары мен бұрыннан араласып жүрген сыйлы азаматтар; аға, әкпе, іні, дос, бауырлар хабарласып, үйдей өтініш жасаған соң, постты алуға тура келді. "Ұят болды" деп, не айтарларын білмей, көздерімен жер шұқып отыр бәрі. "Аймандай болған ондай қап-қара бетпен қалай жүреді аядай ғана ауылда? Онсыз да кетеді олар. Көшеді басқа жаққа. Ардақжан, шулатпай-ақ қойшы", – деді. Аттап кете алмадым", - дейді Ардақ Айбарұлы.
Аталмыш жағдайға байланысты нақты қандай шаралар жүргізіліп жатқанын анықтау үшін Uaqyt.info тілшілері облыстық полиция департаментіне сұрау салды.