Saturday, 23 November,2024

Ауылдарын су басқан тұрғындарға жолды жапқаны үшін айыппұл салынды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысының Қоянды ауылының тұрғындары айыппұл арқалады. Олар су тасқыны кезінде биліктен көмек сұрап, жолды жауып тастаған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының мәліметінше, ауыл тұрғындарына заңсыз митинг ұйымдастырды және заңсыз жиынға қатысты деген айыптар тағылған. Оларға 30-50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 26 наурызда Қоянды ауылының тұрғындары ауылда төтенше жағдай жариялануын талап етіп, Астана-Павлодар тас жолында наразылықтарын білдірген еді. Олар қардың қыста күрелмеуінен ауылды су басқанын айтып, билікке талап қойған болатын.

Ұсынылатын