Saturday, 18 May,2024

Ауыр атлетикадан Ерасыл Сәулебеков екі дүркін чемпион атанды

Алмас Абылай
Фото t.me/beksportkz

Ауыр атлетикадан Албанияда өткен әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында екі дүркін чемпион атанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қызылордалық ауыр атлет жұлқа көтеруден 137 келі, ал серпе көтеруден 168 келіні еңсеріп, үздік атанды. Қос нәтиженің қорытындысы бойынша, Ерасыл Сәулебеков 305 келі көтеріп алтыннан алқа тақты.

Күміс жүлде Әзірбайжан спортшысына бұйырса, қоланы Оңтүстік Кореядан келген ауыр атлет еншіледі.

Ұсынылатын