Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғашқы медальға қол жеткізді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Қоланы қазақстандық Арли Чонтей жеңіп алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі жазды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Қытайдың екі өкілін алға жіберіп, үшінші орынға табан тіреді. Серпе көтеруде Арли 117 кг салмақты басынан асырып, теңдессіз атанса, жұлқ көтеруде 141 кг-мен 4-орынға ие болды. Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 258 кг салмақты еңсеріп, қола жүлдегер атанды.
Арли Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды (116+144=260 кг). Ал 2020 жылы Ташкентте чемпион атанды.