Ауыр дертке шалдыққан Рамзан Қадыровтың түр-әлпеті жұртты шошытты
Uaqyt.info
Фото Kremlin.ru
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бірнеше жылдан бері ауыр дертпен күресіп келеді. БАҚ мәліметінше, оның денсаулығы соңғы кездері күрт нашарлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы «Новая газета» басылымы жазды. Онда Шешенстан басшысының денсаулығы күрт нашарлағаны туралы айтылған. Басылым мәліметінше, саясаткердің бүйрегі сыр берген және оның өкпесі қабынған.
Алайда Рамзан Қадыров БАҚ беттерінде өзінің денсаулығына қатысты ақпараттың барлығын жоққа шығарды. Ол наурыздағы Кремльге жасаған сапарынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында “Денсаулығым жақсы, алаңдауға еш негіз жоқ” деген жазба қалдырған болатын.