- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Автобанда қарсы бағытқа шығып, жолда қауіпті жағдай туғызған жүргізуші ұсталды
Автобанда қарсы бағытқа шығып, жолда қауіпті жағдай туғызған жүргізуші ұсталды
Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ
Жамбыл облысы аумағында автобанның қарсы бағытымен қозғалған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі жазды. Дерекке сүйенсек, Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қауіпсіздік ережесін өрескел бұзып, жолда қауіпті жағдай туғызған.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен аталған автокөлікті басқарған шымкенттік тұрғын анықталды.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі "Көлік құралы жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясына сәйкес, 6 ай мерзіміне көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.