- Басты жаңалықтар
- Экономика
- Автонесиеге қатысты өзгерістер: 4 пайыздық көліктерді енді кімдер ала алады?
Автонесиеге қатысты өзгерістер: 4 пайыздық көліктерді енді кімдер ала алады?
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4 пайыздық көліктерге қатысты өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Бағдарлама бойынша қандай көліктер қатыса алады?» деген мәселе бар. Қазір бағдарлама 10 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік береді. Ал, машинаның құны 15 млн теңге болуы керек дедік. «Киа Спортэйдж», «Хюндай Туксон» сияқты брендтердің бағдарламаға қатысуын қайта қарауымыз мүмкін. Бұл – ақырғы шешім емес, талқыланып жатыр», - деді Марат Қарабаев.
Оның айтуынша, бұдан былай бағдарламаға адамдар жалақысының мөлшеріне байланысты ғана қатыса алады.
«Төртіншісі, ең маңыздысы сияқты меніңше, бірнеше бағыт талқыланып отыр. Еңбекақының ең жоғары шегін бектіу мәселесін қарастырамыз, яғни айлық белгілі бір сумадан асып кетсе, ондай адамдар бағдарламаға қатыса алмайды. Автонесие бағдарламасын Hyundai Accent, Chevrolet Cobalt сияқты халық көп мінетін көліктер үшін қолжетімді етуді жоспарлап отырмыз. Бұл өзгерістердің бәрін бір айдың ішінде аяқтаймыз», - деді министр.
Министрдің бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының түрлі пікірін туғызды. Журналист Диас Нұрақын былай дейді.
“4 пайыздық автонесие бағдарламасының талаптарын тағы өзгертеміз дейді Индустрия министрлігі. Енді көлік аламын деушілер көлік құнының 15 пайызын алдын ала төлеуі мүмкін. Мәселен, 10 млн теңгенің көлігін көздесеңіз, қалтаңызда 1,5 млн теңге ақшаңыз болуы тиіс.
Сосын жалақы мөлшеріне шектеу қоймақшы екен. Яғни, айлығыңыз көп болса бұл бағдарламаға қатыса алмайсыз. Ал, айлығы аздарға "төлем қабілетіңіз жетпейді" деп несие бермей қоюы әбден мүмкін. Общм қазақтар қалайда жаңа көлік мінбесін деген арампиғыл бар астарында.
Енді ең сорақысын айтайын. Бұдан былай автонесиені қаржыландыру 4-5 айда бір-ақ рет ашылады. Револьверлік жүйемен 5 млрд теңге жиналғанда ғана автонесиелеуді бастаймыз депті министр. 5 млрдқа шамамен 500 адам көлік алады. Сонда жарнамасы жер жарған, аты дардай автонесиелендіру бағдарламасымен жылына мыңнан астам адам ғана көлік алады. Ал, елімізде жаңа көлікке деген жылдық сұраныс 90 мың көлік екенін ескерсек, бұл жыртықты емес, иненің жасауындай тесікті бітеуге де келмейді”, - деп жазды Диас Нұрақын.