Ахметбек Нұрсила: Жанатты тәжірибелі психиатрға көрсетіп, емдеу қажет
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила қоғамда дінге байланысты ауыр сөз айтып, басы дауға қалған журналист Жанат Бақытты емдету керегін жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ахметбек Нұрсила журналист Жанат Бақытты молдаға емес, тәжірибелі психиатрға көрсету керек деп отыр. Әрі құзырлы орган оның әлеуметтік желіде насихат жүргізуіне тиым салу керек деген пікірде.
"Сіз аяғы жоқ, көзі жоқ не болмаса жүрегі ауыратын сырқат адамға ренжімейсіз, оған деген аяушылық сезіміңіз ғана болады, солай ғой. Ал психологиялық дертке шалдыққан адамның дерті көзге көрініп тұрмаған соң "саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлейді" деп ренжіп жатамыз. Психологиялық дерт те дәл асқазан, жүрек ауруы сияқты дерт қой және басқа деттерге қарағанда әлдеқайда күрделі, түсініксіз. Миында дерті бар, ауру адамның әлеуметтік желіге шығып, қоғамға не болса соны айтуға да қақысы жоқ. Құзырлы мекемелер Жанатқа әлеуметтік желіге шығуына тиым салып, емханаларға, тәжрибелі психиатрға (молдаға емес) көрсетіп, емдеуі қажет", - дейді кәсіпкер.
Сонымен қатар, ол журналистке психикасы ауытқыған адам ретінде қарап, сөздеріне мүлде мән бермеу керегін де жазып отыр.