Wednesday, 15 May,2024

Президент болуға лайықты ма? Азамат Сатыбалды "Қазақфильм"-ді басқарады

Алмас Абылай
Фото

Актер Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды. Ол "Қазақфильм" киностудиясының жұмысын үйлестіру маңызды да жауапты міндет екенін атап өтті.

"Отандық киноөнерінің "қара шаңырағы" саналатын Қазақфильм - ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта модернизацияның 2 кезеңін бастау керек", - дейді Асхат Оралов.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында туған. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 жылы дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді.

Еңбек жолын 2001 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан бастаған. Актер 20 шақты фильмде ойнаған. Бұған дейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болған.

Ұсынылатын