Saturday, 23 November,2024

"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады.

Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Ұсынылатын