Friday, 26 April,2024

Әзербайжан басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді

Алмас Абылай
Фото БОРТ1

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы БОРТ1 арнасы хабарлады. Онда Әзербайжан президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың күтіп алғаны жазылған. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады.

“Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын