Monday, 16 September,2024

Азиада – 2023: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.

Команда құрамында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан нысана көздеуден бір күміс, екі қола медаль жеңіп алған еді.

Ұсынылатын