Friday, 3 May,2024

Азиада - 2023: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан  Азия ойындарында Қазақстан кезекті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқу атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлде иеленді.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде біздің мергендеріміз Иран командасын 17:11 есебімен ұтты.

Ұсынылатын