Monday, 16 September,2024

Азиада-2023: Қазақстандық тағы бір дзюдошы қола медаль алды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азиада ойындарында дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абылайхан Жұбаназар қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ол үшінші орын үшін өзбекстандық Мусо Собировпен күресіп ел қоржынына медаль салды.

Айта кетейік, бұған дейін дзюдошылар арасында Мағжан Шамшадин мен Эсмигуль Куюлова қола жүлдегер атанса, Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алған болатын.

 

 

Ұсынылатын