Азия чемпионатында Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтетін Азия чемпионатына баратын қазақстандық ауыратлеттердің есімдері белгілі болды. Байрақты бәсеке 3-13 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Азия чемпионатына Қазақстан атынан 20 ауыратлет барады.
Олар:
Арли Чонтей (55 келі);
Өтепберген Әлиев (61 келі);
Анатолий Савельев (67 келі);
Алексей Чуркин (73 келі);
Еламан Сейтқазы (81 келі);
Асылжан Бектай, Сергей Петрович (екеуі де – 89 келі);
Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов (екеуі де 102 келі);
Андас Самарканов (109 келі).
Әйелдер:
Айнұр Әбдіқалықова (45 келі);
Екатерина Алякина (55 келі);
Алина Колиушко (59 келі);
Карина Горичева (64 келі);
Арай Нұрлыбекова (76 келі);
Аиша Омарова, Айым Есжанова (екеуі де – 81 келі);
Динара Қыпшақбай (87 келі);
Айсамал Сансызбаева, Любовь Ковальчук (екеуі де 87 келіден жоғары).