Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбеттің көзі 70 пайызға көрмей қалған
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері әрі Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбеттің көзі 70 пайызға көрмей қалған. Оған себеп - баскетбол ойнағанда бір баланың саусағы көзіне кіріп кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Telegram-дағы BEK Sport арнасы жазды.
“Командалас балалармен баскетбол ойнап жатқанбыз. Кенет біреуінің қолы көзіме кіріп кетті. Осылайша, көзімнің көруі нашарлады. Қызығы сол, жарақат алғашында сыр білдірмей, арада бір ай өткен соң ғана көзімнің дұрыс көрмейтіні байқала бастады. Тіпті, Болат Тұрлыханов турнирінде көзім көрмей күрестім. Қазір команда дәрігерінің нұсқауымен Үндістанда көзіме ота жасаттым”, - дейді балуан.