Thursday, 14 November,2024

Азия ойындары: Үздік ондыққа кіре алмаған Қазақстан қола дәуіріне түскендей

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарының жарыстары аяқталды. Жалпы есепте Қазақстан үздік ондық тізімге ене алған жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Азия ойындарының соңғы күнінде небәрі екі медаль сарапқа салынды. Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанса, каратэші Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыстың финалына шығып, тартысқа толы финалда Қытай Тайбэйінің өкіліне есе жіберді.

Қазақстан қоржынына Азия ойындарында барлығы 80 жүлде түскен екен. Оның 10-ы алтын, 22 күміс және 48 қола. Медаль саны бойынша есепте құрама 11-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы үшін спорттың 30 түрінен 525 спортшы бақ сынады.

Осылайша спорт тарихында қола еліміз қола саны бойынша көш басынан көрініп отыр.

Ұсынылатын