Monday, 16 September,2024

Азияда- 2023: Нұрлыхан Шархан қола жүлдеге ие болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 100 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Нұрлыхан Шархан қол медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ол үшінші орын үшін белдесуде Оңтүстік Корея балуаны Вон Джон Хунды жеңді.

Бұған дейін ширек финалда Нұрлыхан Шархан Токио Олимпиадасының чемпионы, 2017 жылғы әлем чемпионы, жапон Аорон Вольфты қапы қалдырған. Оның алдында  Бахрейн атынан өнер көрсетін экс-ресейлік Зелимхан Таус Якуб Башаевты жеңген. Өкініштісі, 2022 жылғы әлем чемпионы, өзбек балуаны Музаффарбек Туробоевпқа есе жіберіп алды.

Ұсынылатын