Sunday, 8 September,2024

“Әзір өлмеймін”. Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын алаңдатып қойды. Ол денсаулығының сыр бергенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсап, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын. Демек әзір өлмеймін. Бүгінгі тағы бір проблемам ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә?!”, – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Ұсынылатын