"Азық-түлік корпорациясы" департаментінің директоры мен бас маманы сотталды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
"Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Антикор мәлімдеді. Онда Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталғаны айтылған.
"Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді. Сотталғандарға қатысты сот шешімі бойынша, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.