Saturday, 23 November,2024

Бағлан Әбдірайымов әкесінің өзіне жазған соңғы хатымен бөлісті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов әкесінің өзіне жазған соңғы хатымен бөлісті. Айта кетейік, жақында әнші асқар тауынан айырылып қалған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әкесінің соңғы смс хатын Бағлан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Онда марқұм әкесі баласына өсиет айтқан екен.

Бақа... Менің ақылшым... Құдай қуат... Әдемі ой өрісің мен үшін бақыттың шексіз тәрбиесі... Сен менің өмірімнің жалғасысың”, - делінген хатта.

Сондай-ақ әнші өзіне қиын сәтте қолдау білдіріп, көңілін аулаған барлық жанашырына өз алғысын жеткізді.

Баршаңызға мың алғыс! Жамандық көрмеңіздер! Бәріңіздің жұбатуларыңызды оқыдым, АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!”, - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Ұсынылатын