Saturday, 23 November,2024

“Байден шақырған жоқ”. Нұрлан имам АҚШ-қа не мақсатта бара жатқанын түсіндірді

Uaqyt.info
Фото

Белгілі ұстаз Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-қа кімдердің шақыртуымен бара жатқанын ашып айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрлан имамның президенттің арнайы шақыртуымен АҚШ-қа бара жатқаны қызу талқыға түскен болатын. Бірақ Нұрлан Байжігітұлы ел арасындағы қауесетке өзі нүкте қойды. Оның айтуынша, Америкада жылда өтетін қайырымдылық асқа әлемнің түкпір-түкпірінен дін өкілдері, мемлекет басшылары келеді екен. Ал имамға шақырту қағазын сол жиынды үйлестіріп жүргендер жіберіпті.

"Бұл тікелей Америка президентінің шақыруы емес. Көп жерде бұлай жарыса жазып жатқаны қате. Бұл - АҚШ-та жылда өтетін қайырымдылық ас. Бұл қайырымдылық асқа сол мемлекеттегі дін басшылары, мемлекет басшылары, танымал тұлғалар шақырылады. Бұл жылда болатын үлкен қайырымдылық ас. Қайырымдылық астың негізгі мақсаты - әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл - әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы. Оны ұйымдастырушылар шақырады. Әр мемлекетте өз өкілдері, үйлестірушілері болады. Осыдан біраз уақыт бұрын қайырымдылық астың үйлестірушілері жолығып, кейін жеке поштама шақырту хатын жіберді", - деді Нұрлан имам.

Ұсынылатын