Sunday, 8 December,2024

Байден Трамптан сескенді ме? АҚШ федералды соты құпия құжаттарды заңсыз сақтау ісін Президент сайлауы қарсаңында қарамақ

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа қатысты сот отырысы 2024 жылы өтеді. Алғашқы отырыс мамыр айына белгіленген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Euronews дерегіне сүйенсек, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды заңсыз сақтады деп айыпталып отыр. Ал осы іске қатысты сот отырысы келер жылы басталмақ. Яғни мамыр айында.

Дей тұрғанымен дәл сол 2024 жылдың қараша айында АҚШ-та кезекті президент сайлауы жоспарланған. Трамптың адвокаты осы сайлаудан кейін сотты өткізу тәртібін бекітуді сұрағанымен, талап-арыз қанағаттандырылмады.

Федералды сот Эйлин Кэннон АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың құпия құжаттарды сақтағанына қатысты сот ісі 2024 жылдың 20 мамырында өтеді деп белгіледі. Тыңдалым оның қазіргі президент Джо Байденге қарсы сайлауалды науқаны қызып тұрған шақта басталады.

Ақ үйдің бұрынғы басшысына жалпы 38 бөлік бойынша айып тағылды, оның ішінде ересектерге арналған фильмдердің актрисасы Сторми Дэниэлске ештеңе айтпауы үшін ақша төлегені, сонымен қатар несие алу үшін жекеменшік бағасын көтеріп көрсеткеніне қатысты алаяқтық ісі бар.

Ұсынылатын