Friday, 18 October,2024

Байлығын бостандыққа айырбастады ма? Боранбаев түрмеден шығатын болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев түрмеден шығарылмақ. Оның жазасы жеңілдейтінін Ақмола облыстық соты жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сот сотталушы "Б."-ның өтінішін қанағаттандыра отырып, жазаның қалған бөлігін бостандықты шектеу түріне ауыстырды", - делінген Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының хабарламасында.

Жазаны ауыстыру кезінде сот келесі жағдайларды ескерді:

сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің 1\3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;

кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, тергеумен белсенді жұмыс істеді және жасаған ісіне өкінеді;

қамауда болған кезеңде оң сипатталды. Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынды және өтінішті қолдады.

Сот шешіміне сай "Б."  пробациялық бақылауда болады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған еді. Былтыр 30 желтоқсанда соты басталды. Кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін сотта бұл үкім қайта қаралып, мүлкін тәркілеу және жазаны екі жылға қысқарту белгіленді. Мұнан соң сот Қайрат Боранбаевтың тергеу органдарымен мәмілеге келуін қанағаттандырды.

Артынша Боранбаев бірқатар мүлкін мемлекет меншігіне қайтарған болатын.

Ұсынылатын