“Байжанов кінәлі емес”. Сотталушының адвокаты арыз түсірді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Салтанат Нүкенованың ісі бойынша төрт жылға сотталған Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев сотқа аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Адвокат қорғауындағы азаматқа сот ауыр үкім кесті деп отыр.
"Ол жазаның ең ауыр түрін алып, төрт жылға бас бостандығынан айрылды. Жаза мерзіміне ғана емес, оның кінәлі екеніне де қарсы арыз жазып отырмыз. Өйткені бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ", - деді Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев.