Saturday, 23 November,2024

Бала тәрбиесі жайлы кеңес беретін блогер әйел өз ұлына зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталуда

Алмас Абылай
Фото Instagram/moms_of_truth

АҚШ-та бала тәрбиесі жөнінде блог жүргізетін әйел айыпталуда. Ол өз ұлына зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Sky News ақпаратына сүйенсек, блогер Руби Франктің 12 жасар ұлы Ютадағы үйінен қашып кеткен. Тіпті кейін бала көршілерінен көмек сұрапты. Жасөспірім олардан су мен тамақ беруін өтінген. Көршілерінің сөзіне қарағанда, ұлдың білегі мен алақынында скотч қалдықтары жабысып тұрған.

Оқиға орнына келген полиция баланы ауруханаға жеткізіп, оның мүлде тойып тамақтанбайтыны және үнемі аяқ-қолын байлап қоятындығын анықтады.

Блогер әйелдің 10 жасар қызы да ауруханаға жатқызылды. Әйелдің өзге балалары әлеуметтік мекемеге орналастырылды.

Ұсынылатын