- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Бала туып бермедің”. Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не себепті ажырасқанын айтты
“Бала туып бермедің”. Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не себепті ажырасқанын айтты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Танымал актер Жахан Отарғалиев ел алдында алғаш рет ел естімеген құпиясымен бөлісті. Оның айтуынша, Балжан Бидашпен ажырасуына арадағы түсініспеушілік себеп болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Бәрі де бар ғой. Жеті жыл бойы бәрі жиналып, бір сәтте бәрі шықты. Көңіл бөлмегенде қалай? Жұмыс істеу керек болды, ешқашан қол көтерген емеспін... Ауыр сөз айтып қалған шығармын, бірақ 7 жылдың ішінде ешқашан: «Сен маған бала туып бермедің ғой» деген әңгіме айтқан жоқпын. Мен де кінәлі болған жоқпын, мен білмеймін ғой, қайсымыздан екенін... Бірақ біз бәрін жасадық. Медицинада болады ғой, бір-біріне сәйкес келмейтін адамдар болады дейді. Бәлкім сол шығар деп ойладым», - деді Жахан Отарғалиев.