- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Балабақшада меңгерушінің 15 жастағы ұлы 6 жастағы қыздарды шешіндіріп, қол жүгірткен
Балабақшада меңгерушінің 15 жастағы ұлы 6 жастағы қыздарды шешіндіріп, қол жүгірткен
Балабақшадағы 6 жасар қыздар меңгерушінің баласынан қорлық көрген. 15 жастағы ұлы оңаша қалғанда оларды шешінуге мәжбүрлеп, қол жүгірткен көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқиға Ташкенттегі балалабақшалардың бірінде болған. Nuz.uz сайтының жазуынша 15 жастағы ұл 4 қызға тиіскен. Кейіннен бас прокуратура тексеру барысында жағдай расталып отыр.
Портал мәліметінше, жоғары сынып оқушысы балабақшаға күн сайын келіп, дайындық тобындағы балалармен оңаша қалатын болған. Қорқытып-үркітіп, төрт қызды шешінуге мәжбүрлеген, біреуі шетелдіктің қызы болған. Жасөспірім қыздарға қолын жүгірткен, содан кейін біреуі айғалап жібергенде ол қорқып кетіп қалады.
Балалар кешке барлығын ата-анасына айтып, олар құқық қорғау органдарына арыз жазып, оқиғаны журналистерге жеткізген. Қыздардың ата-анасы балалар жатқан бөлмеде камера орнатылмағанын, тергеу күні кіреберістегі камера кенет істемей қалғанын айтады.
Бас прокуратура оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Ал балабақша басшысы қызметінен босатылған.